Казахстан
Сменить
Сменить

Сорбонна - Қазақстан институты в Алматы

Жуырда Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Париж қаласындағы Сорбонна университетінің (Француз Республикасы) президенті Жан-Ив Мэриндоль мырзаны қабылдап, Қазақстан мен Франция арасындағы білім интеграциясының артуына зор ықылас білдірген болатын. Дәл осы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры С.Ж.Пірәлиев пен Жан-Ив Мэриндоль мырза «Сорбонна-Қазақстан» институтын ашу туралы келісімге қол қойды. Біз осы орайда, жаңа ашылған «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Б.Нұрлихинаны әңгімеге тартқан болатынбыз.

Гүлмира Болатқызы! «Сорбонна-Қазақстан» институтының Абай атындағы ҚазҰПУ жанында ашылуы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па?

- Қазақстан бүгінгі таңда университеттердің жаһандық жүйесіне араласып, халықаралық байланыстарды кеңейту және жоғары білім туралы құжаттарды өзара тану үшін алғышарттар қалыптастыру арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді араласып келеді. Қос дипломдық бағдарлама – біздің университеттегі барлық халықаралық бағдарламалардың өзегі. Біз қос дипломды бағдарламаны жоғары білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың жоғарғы шегі ретінде қарастырамыз. Сондықтан, халықаралық магистратураның біздің университеттің жанында ашылуы кездейсоқтық емес, осы бағытта жүргізілген үлкен жұмыстың жемісі.

Институттың ашылуына қандай жағдайлар әсер етті?

- «Сорбонна-Қазақстан» институтының ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев пен Париж қаласындағы Сорбонна университетінің өкілдері үлкен еңбек сіңірді. Өздеріңізге белгілі, халықаралық білім бағдарламалары оқуға қажетті барлық алғышарттары (қаржыландыру көздері, білімгерлерді іріктеу, білім бағдарламасының мазмұны, оқу мерзімі, білім туралы құжаттың түрі мен мәртебесі және т.б.) қарастырылған келісімнің немесе шарттың негізінде екі елдің жоғары оқу орындарындағы тиісті құрылымдық бөлімдерде даярланады.

Тип объявления:
Услуги, предлагаю
Торг:
--

Действия с объявлением #1111370

Поделитесь с друзьями и знакомыми

Поделитесь объявлением Сорбонна - Қазақстан институты с друзьями, знакомыми, потенциальными клиентами, используйте для этого социальные сети, мессенджеры. Это придаст объявлению популярности и эффект многократно повысится.

Сохраните или сообщите о нарушении